“Рухани жаңғыру” арнайы жобалары
Арнайы жоба
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Мақсаты – үздік әлемдік үлгілер бойынша студенттердің мемлекеттік тілде гуманитарлық білім алуына жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы 100 жетекші оқулықты қазақ тіліне аудару.

2. Аударылған оқулықтарды рецензиялау жөніндегі сараптау комиссиясын ұйымдастыру.

3. Терминологияны жетілдіру, мемлекеттік тілдегі терминдердің көлемін ұлғайту, сондай-ақ оларды танымал ету.

4. Білім беру ұйымдарын, кітапханаларды жоба шеңберінде шығарылған оқулықтармен қамтамасыз ету.

5. Жастардың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында зияткерлік конкурстар, викториналар, дебаттар өткізу.

Жаһандану дәуірінде барлық заманауи қатерлер мен уақыт қауіптерін қабылдайтын жаңа буын қалыптастыру өте маңызды. Бұл мақсаттағы негізгі құрал - білім беру. Әлеуметтік-гуманитарлық салада 100-ге жуық жетекші оқулықтардың аудармасы бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм рухында тәрбиеленетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастырудағы оң қадам болып табылады. Бөлім аударылған кітаптар туралы, олардың авторлары, оқулықтарға сілтемелер, сондай-ақ сын пікірлерді қамтиды.

барлық жобалар