“Рухани жаңғыру” арнайы жобалары
Арнайы жоба
Қазақстанның 100 жаңа есімі

Мақсаты – қазіргі Қазақстанды бейнелейтін табысты адамдардың тарихын, оның әр түрлі қызмет саласындағы жетістіктерін көрсету.

Міндеттері

1.Қазіргі көшбасшыларды ұсыну мен анықтаудың ғылыми негізделген критерийлерін қалыптастыру.

2.Жоба жеңімпаздарын ақпараттық және имидждік жылжыту, олардың тәжірибесін, жетістіктерін көпшілікке тарату.

3."Қазақстанның 100 жаңа есімі" жеңімпаздарының бастамаларын, тәжірибесін, жобаларын іске асыруға қолдау көрсету және көмек көрсету.

4. Қоғамды дамытуға бағытталған әлеуметтік, экологиялық, имидждік және басқа да жобаларды іске асыруға белсенді тарту.

«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту » атты мақаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын құруды ұсынды. Жобаға біздің еліміздің қалыптасуы мен дамуына қатысатын Қазақстан азаматтары енеді. Мұнда өз жұмысында, жеке және қоғамдық өмірінде жетістіктерге қол жеткізген әртүрлі өңірлердегі, әртүрлі жастағы және ұлт адамдарының тарихымен таныса аласыз.

барлық жобалар