Жаңалықтар

«Сындарлы 30 жыл – 30 асу»/ «30 лет созидания – 30 достижений»

28.01.2021

27 қаңтар күні, сағат 11.00-де  А.С. Пушкин атындағы кітапханада еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сындарлы 30 жыл – 30 асу»/ «30 лет созидания – 30 достижений» атты мерекелік әдебиеттер көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
 Тұсаукесер салтанатты поэтикалық-музыкалық нотадан басталды. "Жігер" домбырашылар ансамблі қонақтарды қасиетті домбыраның күмбірлеген сазды әуенімен қарсы алса, іс-шараны  студент Таңат Қасым Ұларбек Нұрғалымұлының "Тәуелсіздік" өлеңімен ашты.  
Көрмеде ұсынылған басылымдар отыз жыл ішіндегі Қазақстанның жаңа тарихынан  орын алған негізгі, барынша маңызды оқиғаларды ашып көрсетті.
Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы,  журналист, публицист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай облысының Құрметті азаматы, Өскемен қаласының  Құрметті азаматы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелей отырып, біз жетістіктерімізді зерделеп, болашақ міндеттерімізді айқындау керектігін атап көрсетеді. Қазақстанның жетістігі – бүкіл халықтың жетістігі, сол себепті бастамалар, білім, әр қазақстандықтың күнделікті еңбегі – біздің жарқын, ортақ болашағымыздың кепілі.
Геннадий Николаевич Пуссеп, Ақын, журналист, кітап шығарушы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, ШҚО бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:
- Еліміздің жаңа тарихына - 30 жыл. Әлем ауқымында- бұл өте қысқа уақыт. Бірақ қаншама істер атқарылды, қанша шыңдар бағындырылды! Кітап көрмесінде ұсынылған басылымдар тәуелсіз Қазақстанның маңызды оқиғалары мен жетістіктерін толық көрсетеді деп санаймын.
Кітап көрмесінде ұсынылған басылымдар арқылы тәуелсіз жас мемлекеттің алғашқы нық қадамдары, еліміздің аяғынан нық тұрып, әлеуметтік тұтастық – Қазақстан Халқын қалыптастыруға қол жеткізуі, Қазақстан қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және бейбіт сыртқы саясаты арқасында әлемдік аренаның беделді бастамашыл еліне айналғанын білуге болады.
Сондай-ақ,  «Мәдени Мұра» мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде біздің облыстағы археологиялық қазбалардың нәтижелері бойынша ғылыми жұмыстардың нәтижелерін ашатын кітаптар ұсынылған.
 Көрмеде бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену, ашық ғарышқа шығу, ғылым, мәдениет, спортта қол жеткізген жетістіктер тәрізді мемлекет пен қоғамның тұрақтылығы мен зор әлеуетін қамтамасыз еткен экономикалық модернизация мен әлеуметтік саясаттың серпілісті бастамаларының нәтижесін айшықтайтын фактографиялық, статистикалық материалдар ұсынылған.
Көрме жыл көлемінде  жұмыс істейді. Біз барлық тілек білдірушілерді көрмемен танысуға, бейнешолуларға  және қажетті материалдардың көшірмелерін электрондық жеткізуге тапсырыс беруге шақырамыз. Слайд-презентация, көрменің ашылуынан бейне және жеке материалдардың электрондық нұсқалары кітапхана сайтында көрсетілген – http://pushkinlibrary.kz
Слайд-презентация, көрменің ашылуының видеосын және жекелеген  материалдардың электрондық нұсқасын  http://pushkinlibrary.kz  кітапхана сайтынан  таба аласыздар. 

Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 87076405870