Жаңалықтар

«Рухани байлықты игеру, болашақтың кемелдігі!» дөңгелек үстелі

14.01.2020

   Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жас ұрпақтың рухани бай, рухы биік  адам болуын дәріптеп, рухани байлық, рух деген ұғымдарға түсінік беріп, сана сезімдерін ояту мақсатында «Рухани байлықты игеру, болашақтың кемелдігі!» атты  дөңгелек  үстелі ұйымдастырылды. 

      

       Аталған дөңгелек үстелге 50-ге жуық қатысушы және ұлағатты ұстаздар қауымы да ат салысты.  Дөңгелек үстел барысында рухани байлық ұғымына түсінік берілді,  рухы күшті ел болу үшін не қажет деген ой төңірегінде сұхбат жүргізілді. Қатысушылардың ой-пікірлері сарапталынды. Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру, Қазақстандық жастар арасында патриотизмді дамыту, Қазақстанның рухани және адамгершілік құндылықтарын, ұлттық мәдени дәстүрлерін де іс-шара барысында насихаттады.

       Қатысушылар болашақ қазақстанның ұлттық салт дәстүрін, рухани байлығын сақтап қалу үшін рухты намысшыл, ұлтжанды азамат болып тәрбиелену қажет екенін түсінді. Қорытындысында қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.