Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда «Жомарт жүрек» жеңімпаздары марапатталды

06.01.2020

 Облыс әкімі Даниал Ахметов аймақтың дамуына сүбелі үлес қосып, қайырымдылық танытқан азаматтарды марапаттады.

– Республикалық «Жомарт жүрек» байқауы аты айтып тұрғандай, жүрегі кең азаматтарды анықтап, меценаттық пен қайырымдылық идеяларын насихаттауға бағытталған жоба. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, жергілікті кәсіпорын басшылары, меценаттар, қоғамдық ұйым өкілдері өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге зор үлес қосып келеді, - деді облыс әкімі.

Даниал Ахметов айтып өткендей, соңғы жылдары өңірімізде жергілікті кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйым басшыларының қолдауымен ауылдық жерлерде көпбалалы отбасыларға 200 тұрғын үй сатып алынды. Мыңға жуық әлеуметтік нысандар бой көтеріп, қолданысқа берілді.

«Жомарт жүрек» сыйлығы «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен ерлігі», «Үздік ұйым» аталымдары бойынша табыс етілді.

«Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Казцинк» ЖШС бас директоры Александр Хмелев пен Жарма ауданы «Шалабай» ЖШС бас директоры Қуаныш Сүлейменов марапатталды.

«Туған өлке» номинациясына Үржар ауданы «Омаров» ЖК басшысы Серікбол Омаров пен Бородулиха ауданы «Лина Агро» ЖШС директоры Юрий Ковязин ие болды.

«Жыл тұлғасы» аталымы Зайсан ауданы «Ақбай» ШҚ басшысы Сәулеш Әбілгожинаға және Алтай ауданы «Плюс» ЖШС директоры Сергей Смирновқа берілді.

«Жылдың үздік ұйымы» номинациясын Семей қаласы «SemAZ» ЖШС директоры Әсемқан Досқожанов пен «бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Кеңбейіл Исаев иеленді.

«Ерен ерлігі» аталымы Семей қаласы «Отбасы орталығы» ҚҚ атқарушы директоры Людмила Асташкина мен «Үржар белсенділері» тобының басшысы Алтынай Құрмановаға табыс етілді.

Кездесу соңында аймақ басшысы жеңімпаздармен естелік суретке түсіп, қызметтеріне табыс тіледі.

 

 

 

 

 

 

23.09.2020
Владимир Акулов – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы

21.09.2020
Эрмитаждағы алтынның жартысынан көбі ШҚО жерінен алынған -...