Жаңалықтар

«Көзге Иртыш моңнары» байқауы өтті

04.12.2018

Семей қалалық Мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Көзге Иртыш моңнары» атты татар ұлттық өнерінің XIX халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Фестиваль татар драматургі, публицист, мемлекеттік және қоғам қайраткері Туфан Миннулиннің құрметіне арналды.

Фестиваль ашылуы "Иртыш моңнары" халық әндері ансамблінің 30 жылдығына орайластырылып өтті. Байқауға Томск, Новосібір, Теміртау, Талдықорған, Алматы, Астана, Өскемен, Павлодар, Семей қалаларынан 500-ден астам түрлі ұлт өкілдері қатысты. Олар аспаптық, вокал, би және мәнерлеп оқу 4 номинациясы бойынша сынаққа түсті.

Ансамбль қатысуышалары қалалық әкімдіктің, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасы өкілеттілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

20.06.2019
Дүбірлі жекпе-жек: ШҚО-да қазақша күрестен Халықаралық...

14.06.2019
Шығыс Қазақстанда 38 мемлекеттің спортшылары «Тұғыры биік...